25
май
2022
Кусаинов Ернат Избасарович - мектеп директоры
Кусаинов Ернат Избасарович 1974 жылы Алматы облысы (қазіргі) Кеген ауданы, Тоғызбұлақ ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары. 1991 жылы Тоғызбұлақ орта мектебін бітіріп, сол жылы Алматы зооветеринарлық институтына түсіп, 1996 жылы Қазақ Мемлекеттік Аграрлық Университетін «Тауартанушы» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2012 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық Университетінде химия мамандығын тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы «Мади» фирмасына «Қамтамасыз ету тауартанушы» болып бастаған. 1997 жылдан бастап фирма есеспшісі болып қызмет еткен. 2001 жылы өз өтініші мен жұмыстан кетіп 2008 жылдың 29 желтоқсанынан бастап Қапез Байғабылұлы атындағы орта мектепке іс жүргізуші болып қабылданған. 2010 жылдың 1 қыркүйегінен іс жүргізушіліктен химия пәні мұғалімі болып ауыстырылған. 2013 жылдың 11 желтоқсанынан бастап химия пәнінен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып ауыстырылды. 2018 жылдың 12 қазанынан бастап осы күнге дейін «Қапез Байғабылұлы атындағы орта мектептің директоры болып отыр.









