Дефектологтың жылдық жоспары
Бекітемін: Келісемін:
_____ атындағы ЖОМ директоры Директордың оқу ісі жөніндегі ___________ Е.И.Кусаинов орынбасары:_____________Л.А.Корабаева
«____» ______________ «____» ______________
Жылдық жоспар
1-4 сыныптар
Педагог-дефектолог: Т.Умбетова
2021-2022 оқу жылы
№ | Жүргізілетін жұмыс бағыттары | Жүргізілетін жұмыстың мазмұны | Уақыты |
І.Диагностикалық тексеру | |||
1 | Оқушыларды тексеру. Ақыл-ой дамуының деңгейін анықтау. Медициналық зерттеу мәліметтерімен танысу. | Жеке және топтық форматта жұмыстар жүргізуге жоспарлар құру | Қыркүйек |
2 | Танымдық әрекеттерін тексеру. Жылдық жоспар әзірлеу, бекіту. Жұмыс уақытының кестесін әзірлеу. | Оқушылардың танымдық әрекетін тексеру. Танымдық процестерінің (есте сақтау, ойлау, қабылдау, зейін) деңгейлерін анықтап, ерекшеліктерін зерттеу | Қыркүйек |
3 | Сынып жетекшілермен байланыс орнату | Оқушылардың жас және жеке танымдық ерекшеліктері туралы ақылдасып, қажетті әдіс-тәсілдерді қарастыру | Қыркүйек |
4 | Оқу, жазу және есептеу дағдысын тексеру | Жеке, топтық және оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілдерінің бұзылу кемшіліктерін және логикалық ойлау, есептеу операциясының дамуын зерттеу | Қыркүйек |
5 | Түзете-дамыту жұмысының бағыттарын анықтау. Баланы зерттеу картасы | Әр айдың соңында оқушылардың бақылау картасы толтырылып отырады | Ай сайын |
6 | Мектептік консилиумға қатысу | Оқушылардың жалпы пән бойынша оқу үлгерімін немесе ауытқу белгілерін арнайы мамандармен бірлесе отырып талқылау | Қазан |
7 | Мектепішілік консилиум қорытындысы бойынша сынып жетекшілеріне оқушылардың деңгейіне байланысты мәлімет беру | Бала дамуының жеке ерекшелігін анықтау арқылы қолайлы жағдайды қамтамасыз етуін есепке алу | Қазан |
8 | Ерекше білімді қажет ететін оқушыларды түзете-дамыту сабағын жоспарлау | Әрбір ерекше білімді қажет ететін оқушыға жеке даму бағдарламасын құру | Қазан |
ІІ.Өткізілетін шаралармен атқарылатын жұмыстар | |||
9 | Ерекше білімді қажет ететін оқушыларға арналған шаралар | Мереке күндеріне немесе апталықтарға байланысты сурет көрмелерін ұйымдастыру | Қараша |
10 | Ерекше білімді қажет ететін оқушылардың ата-аналарына арналған шара | Ата-аналарға сауалнама, тренинг жүргізу | Қараша |
11 | Сабаққа қашықтықтан қатысу | Ерекше білімді қажет ететін оқушылардың оқу әрекетін бақылау | Қараша |
12 | Түзете-дамыту жұмысының бағыттарын анықтау | Диагностикалық тексеру нәтижесіне қарай әр оқушының деңгейіне байланысты түзете-дамыту жұмысының бағытын анықтау | Ай сайын |
13 | Түзете-дамыту сыныбының білім деңгейі | Оқушының әр пән бойынша білім көлемін (сынақ хат, минуттық оқу, бақылау жұмысы) анықтау | Желтоқсан |
14 | Пән мұғалімдерімен жұмыс | Үйден оқыту, арнайы және инклюзивті білім беретін сыныптардағы пән мұғалімдеріне бағдарлама бойынша әдістемелік көмек көрсету | Уақытында |
15 | ҚР тәуелсіздік күніне орай мерекелік кеш ұйымдастыру | Ерекше білімді қажет ететін оқушыларға арналған танымдық сайыс өткізу | Желтоқсан |
16 | І-жартыжылдық есеп жүргізу | Ерекше білімді қажет ететін оқушылардың танымдық (есте сақтау, зейін, ойлау, қабылдау) қабілеттерінің өзгеріс динамикасын сипаттау | Желтоқсан |
17 | Ғылыми және публицистикалық әдебиеттермен жұмыс | Ғылыми-әдістемелік, теориялық білім алу арқылы кәсіби білім мен шеберлікті дамыту | Қаңтар |
18 | Ғылыми әдістемелік тәжірибе | Республикалық, облыстық басылымдарға таратылымдар беру арқылы тәжірибе жинақтау | Қаңтар |
19 | Тәжірибе алмасу | Мектепішілік, аудандық, облыстық іс-шараларға қатысу | Уақытында |
20 | Ата-аналармен жұмыс | Ерекше білімді қажет ететін оқушылардың ата-аналарымен жиналыс, дөңгелек үстел жүргізу | Ақпан |
21 | Мереке күндеріне байланысты іс-шаралар ұйымдастыру | Инклюзивті сынып оқушыларымен арнайы фотоколлаж жасап, арнайы сынып оқушыларымен біріктіре отырып іс-шара ұйымдастыру | Наурыз |
22 | Пән мұғалімдерінің ашық сабақтарына қатысу | Инклюзивті сыныпқа жүргізілетін ашық сабақтарға қатыса отырып, ерекше білімді қажет ететін оқушылардың жалпы танымдық деңгейін анықтау | Наурыз-Сәуір |
23 | Ғарышкерлер күніне байланысты қолөнер сайысын өткізу | Ерекше білімді қажет ететін оқушылар қолынан әр түрлі бұйымдарды жасап, көрмеге ұсыну керек | Сәуір |
24 | ІІ-жартыжылдық есеп жазу | Оқушылардың екінші жарты жылдық бойынша жетістіктерін ескере отырып, оқу, жазу, сөйлеу дағдыларының даму динамикасын көрсету | Мамыр |
ІІІ.Дефектология кабинетін әдістемелік талаптарға сай жабдықтау жұмысы | |||
25 | Әдістемелік құралдарды дайындау | Педагогтерге, ата-аналарға, оқушыларға арналған ақпарттық дефектолог бұрышын жасақтау | Жүйелі түрде |
26 | Жаңа әдістемелік әдебиетттермен толықтыру | Түзете-дамыту жұмысының тиімділігін қарастыру | Жыл бойына |
27 | Арнайы типтік бағдарламалар | Әр мүмкіндігі шектеулі балаларға ОПМПК қорытындысы бойынша жеке типтік бағдарлама құру, жүзеге асуын қадағалау | Жыл бойына |