06
январь
2018
Қамқоршылық іс-шаралар
Райымбек ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Қапез Байғабылұлы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша «Мектепке жол» қамқорлық акциясының өткізілуі жайлы
АНЫҚТАМА
Мектепте он мөлтек аудандарға жиырма мұғалім бөлініп, ауылды аралады. Аралау барысында жетім, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, жартылай жетім, көп балалы отбасы балалары, әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларын анықтап мектептің әлеуметтік төлқұжатын жасады. Қай отбасы балалары мектепке баруға қиналады, қандай бұйым қажет анықталды. Сол бойынша көмекке мұқтаж балалар тізімі жасалды.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Кусаинов Алматы қаласына барып, мектебіміздің әр жылы бітірген жастарының басын қосып, «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыруын өтінді. Қаладағы ауыл жастарын акцияға көмектесетінін білдірді. 25 тамыз күні Жалаңаш ауылдық округінде, округтегі үш мектеп бірігіп «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету» атты қамқорлық акциясын ұйымдастырды. Ауылымыздың әр жылғы түлектері келіп, 127000 (жүз жиырма жеті мың) теңгеге оқушыларымызға киім-кешек және оқу құралдарын алып берді. Акция барысы «Жетісу» телеарнасына түсірілді. Бағдарлама 4 қыркүйек 2017 жылы «Жетісу» телеарнасында көрсетілді.
Мектебіміздің сынып жетекшілері 20000 (жиырма мың) теңгеге оқушыларға оқу құрал-жабдықтарын әперді.
Осы уақытқа дейін акция барысында 147000 (жүз қырық жеті мың) теңгенің заты көмек ретінде берілді.
Акция әлі жалғасын табуда. Енді ауылымыздың Атымтай жомарт азаматтарын 32000 (отыз екі мың) теңге көлемінде көмек көрсетті.
Осы уақыт аралығында ата-ананың қамқорлығынсыз қалған, жартылай жетім, толымсыз отбасы балалары, көп балалы отбасы балалары және әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларынан 81 (жетпіс тоғыз) балаға, 179000 (жүз жетпіс тоғыз мың) теңгеге мектеп формасы, спорттық киім-кешек және оқу құрал-жабдықтары әперілді.
Акцияның өткізілуі жайлы мақала аудандық «Хан тәңірі» газетіне жіберілді.
Мектеп директоры: Н.Смаков