«Қасиетті өлке,киелі мекен» тақырыбында 11-сынып оқушысы Өтеген арайлым аудандық шығарма жазып, 2-орынды иеленді
«Қасиетті өлке,киелі мекен»
Айналайын!
Атамекен,Ақмекен?!
Қандай қазақ сені іздеп таптты екен?!
Туған өлке тәтті екенғой
Тәтті екен...
М.Мақатаев
Туған жер... Туған ел... бұл сөздің өзі қасиетті және осы екі сөзде қаншама мағына,қаншама қадір жатыр. Туған жер біздің өткеніміз бен болашағымызды байланыстыратын киелі мекен. Менің туған жерім, Отаным-кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат және киелі-Кеген ауданы,Тоғызбұлақ ауылы. Осы мекенде менің бақытты да естен кетпес естеліктерім мен шаттыққа толы балалық шақтарым өтті. Ауылымның таза ауасы мен мөлдір бұлақтарына және қара топырағына ешнарсе жетпес. Аулада ойнаған балалардың дауыстары, бақтардағы құстардың үні бәрі, бәрі мен үшін керемет бейне. Әлемнің қай жері болмасын,туған жерімнің табиғатына еш нәрсе жетпес. Бұл менің өлкем сонау Мұқағали, Қапез жырлаған,ұлы даламда Мұхтар мен Шоқан ,Ілияс пен Қаныш ізі қалған.Тоғызбұлақ жері көркіне көз тоймас балауса қарағай мен балақтаған тал-қайыңның құшағына енген,тау саласынан аққан мөлдір өзендері, алыстан қарағанда тау бөктеріндегі табиғат көрінісі ешбір жерде жоқ десек те болады. «Әр кімнің өз жері-жұмақ» дегені рас.
Мен 11-сынып оқушысымын.
Орта Меркі,Шет Меркі
Меркі,Меркі,Қарқара,
Кегенменен жердің көркі-ай!-деп жырлаған Қапез Байғабылұлы (1896-1939) атамыздың мектебінің түлегімін.Жас түлек-болашақ үлкен мамандық иесі. Қалаған мамандығымның соңына түсіп,өмір-керуен қайда жетелесе сонда тартпақпын. Абай атам айтпақшы «Сенде бір кірпіш,дүниеге кетігін тап та,бар қалан»-деп,өмірден өз орнымды тапқан дұрыс емес пе?
Дегенмен де, туған ауыл,туған жеріңді тастап кете барамын деген ойдың өзі туған жеріме деген сағынышымды арттыра түседі.Туып өскен жерім туралы ой жетегіне түскен шағымда әрдайым партриот ақындарымыздың бірі Қасым Аманжоловтың мына өлең жолдары ойыма келеді:
Шықшы тауға,қарашы кең, далаңа
Мәз боласың ұқсайсың жас балаға.
Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,
Шаршайсың ба,құмарың бір қана ма?
Міне,осындай көрікті жердің құшағына енген Жалаңаш пен Тоғызбұлақ елді мекендері,оның ішінде өлең жырдың арқауы болған Үш Меркі сұлулығына, көркіне көз тоймайтын қасиетті жерде Шобал атамыздың ұрпақтары қазақ даласынан келіп иемденген жері.
Халықтық, рулық-туыстық ұғымда туған жерден қасиетті, одан өтер киелі ешнарсе болған емес деп саналған. Түрлі табиғи жағдайда немесе ұзақ уақытқа сапарға аттанарда, сол сияқты ел тағдырына қиын күн туғанда кіндік қаны тамған,туған жерінің бір уыс топырағын өздерімен бірге алып жүрген. Салт-дәстүрімізде туған жер-ел байлығы қазынасы,оның мөлдір аққан суы-дертке шипа, малы-халықтың, мінсе-көлігі, сүті-сусыны, жесе-азығы болған.
Қорыта айтқанда, Отан,туған жер туралы ой толғасаң, жан толғанысын айтып жеткізе алмайсың, сірә. Әрбір адамзат баласының туған жеріне деген шексіз махаббаттары мен ыстық ықыластарын жеткізу мүмкін емес. Барлық ауылдастарым мен Отандастарыма айтарым: «Туған жердің-қазақ елінің қадірін біле жүрейік!»-дегім келеді.