Ата-аналар жиналысы хаттамасы. 2 "Б" сынып. Сынып жетекші: Сумбебаева.А
Қапез Байғабылұлы атындағы орта мектебінің
2022-2023 оқу жылында 2 «Б» сыныбында өткізілген ата-аналар жиналысының
№1. Хаттамасы.
Өткізілген күні:29.09.2022ж
Қатысқаны:
Қатыспағаны:
Тақырыбы: «Ата- аналардың балаларды тәрбиелеудегі құқықтары мен міндеттері»
Күн тәртібінде:
1) «Ата- аналардың балаларды тәрбиелеудегі құқықтары мен міндеттері»
Баяндама сынып жетекшілері.
2) Оқушылардың жаңа оқу жылына дайындығы (оқулықтармен,мектеп формасымен, оқу-құралдармен қамтамасыз етілу жайы) . Ата-аналарды қауіпсіздік техникасымен (жол,су,өрт),мектеп жарғысы мен мектептің ішкі тәртібімен, келісім шартпен таныстыру
3)Ата-аналар комитетін сайлау
4) Жаңа оқу жылындағы оқулықтармен толық қамтамасыз етілуі
6)Ағымдағы мәселелер.
Тыңдалды:1-мәселе бойынша «Ата- аналардың балаларды тәрбиелеудегі құқықтары мен міндеттері» тақырыбы бойынша сынып жетекші Сумбебаева Анара баяндама оқыды.Баяндамада Бала тәрбиесі, оның жан – жақты дамуы, тұлға болып қалыптасуы қоғамымыздың, оның ішінде әрбір ата – ананың өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Алайда мектептегі ата-аналар жиналысында немесе олармен сұхбат жүргізгенде көптеген ата-аналар өзінің бала алдындағы құқықтары мен міндеттерін толыққанды жете түсіне білмейтінін аңғарып жүрміз. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері халықаралық ратификацияланған және ҚР заңдарында, оның ішінде «Бала құқықтары туралы» Конвенцияда, ҚР «Бала құқы туралы» заңында, ҚР «Білім туралы» заңында және өткен жылы толықтырылып, өзгертілген «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» заңында анық көрсетілген.
Тыңдалды.2-мәселе бойынша сынып жетекші оқушылардың «Жол және өмір қауіпсіздік ережесі», әлімжеттілік пен құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары жөнініде айтып өтті.Жолда жүру ережелері тағы ескертілді.Үйде де балаларға үнемі жол жүру ережелерін ескертіп отыру керек екендігі айтылды.Ата –аналарға балаларды мектепке алып келіп алып кету ата ананың міндеті екендігі айтылды. Оқушылардың сабақтан тыс уақытта жолда жүру ,өмір қауіпсіздігіне ата аналардың өздері жауапты екендігі ескертіліп қол хатпен таныстырылды.
Тыңдалды.3-мәселе бойынша Ата-аналар комитетін сайлау. Ата –аналардың атынан Тоқсабаева Зейнегүл апай сөзге шығып,Ата –аналар төрайымы етіп Кеңесбаева Айнұрды сайлауды ұсынды, көмекшісі Тасиева Майнұр болады. Ата-аналар дауысқа салды.Олардың пікірі тыңдалды.
Тыңдалды.Сынып жетекші 4-мәселе Жаңа оқу жылында оқушылардың жаңа оқулықтармен қамтамасыз етілуі туралы айтып өтті.Оқушылар 100% оқулықпен қамтамасыз етілді.Оқулықтарды қаптап ,ұқыпты ұстау керектігі ескертілді.
6 .Ағымдағы мәселелер.Сынып жетекші ата –аналарға оқушыларды сабақтан бос кезде қадағалауды ескертті.
Шешім:
- Ата-аналар мен оқушыларды жолда жүру және өмір қауіпсіздігі ережелерімен таныстырып, қол хат алынсын.
- Ата –аналар комитетінің құрамы тағайындалынсын. Оқулықтардық жақсы сақталуы қадағалансын.
- Оқушыларды сабақтан бос кездерінде түрлі үйірме,қосымша сабаққа жіберу жұмысы ұйымдастырылсын.
Сынып жетекшісі Сумбебаева.А
хатшысы: Тасиева.М