2022-2023 оқу жылының 9-22 қыркүйек аралығында "Мәңгілік Ел-Мәңгілік тіл" атты тілдер апталығына өткізілгені туралы анықтама
«Алматы облысының білім басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Қапез Байғабылұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша 2022-2023 оқу жылының
9-22 қыркүйек аралығында «Мәңгілік Ел- Мәңгілік тіл» атты тілдер апталығының өткізілгені туралы
Анықтама
Биылғы 2022-2023 оқу жылында мектебімізде 9-22 қыркүйек айында «Мәңгілік Ел- Мәңгілік тіл» атты тілдер апталығыда жоспар құрылып, жоспарға сай 5-11 сыныптар арасында тақырыптарға байланысты ашық сабақтар, дөңгелек үстелдер, танымдық сабақтар, эссе байқаулары өтілді. Негізгі мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.
9 қыркүйекте «Мәңгілік Ел – Мәңгілік Тіл» атты Тілдер апталығының салтанатты ашылуы болды. 9 қыркүйекте Б.Рахметова мен Л. Қорабаева оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту «Тіл – білімнің атасы» тақырыбында эссе байқауы 9 – 11 сынып оқушылар арасында өткізді. Өз ойларына пікір, дәлел келтіре отырып, эссенің жазу талаптарына сай жазған. 9-сыныптан: Ерлікқызы Гүлбану, Нұрсадық Әділет,Жақсылыққызы Диляра, Дулатбай Жансая, Наурызбай Мирас. 10- сыныптан: Бектұрсын Жансая, Ернатқызы Нұрсая, Жеңіс Айбын.11-сыныптан: Ақбаян, Аяна, т.б. 9 қыркүйек күні Жетенова Элмира апай 6-сыныпқа «Язык отцов – язык тысячелетий» мини- конференция өткізілді. 10 қыркүйек күні Қ.Түсіпбекова 7 «А» сыныпқа «Қазақ-Жоңғар соғысы» тақырыбына ашық сабақ өтті. 15 қыркүйекте балабақша тәрбиешілері «Ана тілім айбыным» атты тәрбие сағатын өткізді. 11 қыркүйекте 2-4 сынып оқушылар арасында «Қазақстан – достық мекені» сурет байқауын өткізді. Онда жақсы шеберлікпен өнер көрсеткен 3- сынып оқушылары: Тоқай Мақпал, Несіпбек Ернұр,Айдосұлы Нұртілеу.
11 қыркүйек күні М.Омарова 8-сынып оқушыларымен «Язык душа народа» тақырыбында ашық сабақ өтілді. Ж.Оспан,Г.Кебекбаева, А.Сүмбебаева, Д.Қадырова, Л.Садуакасова 12 қыркүйек күні 1-4 сынып оқушыларымен «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» туған жер, Отан, тіл туралы мақал-мәтел мен жұмбақ сайысын өткізді. Сынып болып жарысып, 4-сынып оқушылары жеңімпаз атанып, марапатталды. А.Еренбаев 13 қыркүйекте 7 «Б» сынып оқушыларымен «Абайды әлемге танытқан М.Әуезовке 125 жыл» дөңгелек үстел өткізді.14 қыркүйекте Г.Мусапирова 7-8 сынып оқушыларына «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» эссе байқауын өткізді. 15 қыркүйек күні кітапханашы Г.Тікебаева «Тіл тұмар - бір шынар» кітап көрмесін 9-сынып оқушыларымен өтті. 16 қыркүйекте Б. Рахметова 5-8 сынып оқушылар арасында «Тілім барда айтылар сыр ойдағы» атты тақырыпта мәнерлеп өлең оқу байқауын өткізді.Онда жақсы өнер көрсеткен оқушылар марапатталды. Ж.Бирмуханова, М.Омарова, Г.Мусапирова 22 қыркүйек күні «Полиглот» үш тілде 8-сынып оқушыларымен қортынды кеш өтізілді. Қорытынды кеште 9-22 қыркүйек аралығында белсене қатысқан өнерлі оқушылар марапатталды.
Мектеп директоы Е.Кусаинов