Сыбанқұлова Мадина. «Мамандықтың бәрі жақсы, қалауыңша таңдап ал!» » «Қапез Байғабылұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қапез Байғабылұлы атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
февраль
2022

Сыбанқұлова Мадина. «Мамандықтың бәрі жақсы, қалауыңша таңдап ал!»

Тренинг-сабақтың тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы, қалауыңша таңдап ал!» 
Тренинг-сабақтың мақсаты: Оқушы жеке тұлғасының бәсекелестік қабілетін, өзінің қалауына сай белгілі бір еңбек әрекетіне дайындық білімділігін қалыптастыру. Оқушының түрлі еңбек жағдайына араласуға деген тәрбиелік ұмтылысын қалыптастыру. Оқушылардың шығармашылық, сауаттылық белсенділігін дамыту. Оқушыларға алдағы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт-бағдар беру. Әр мамандықтың қызығы мен қиындығы болатындығын жете ұғындыру. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу.
 Көрнекілігі: слайдтар, нақыл сөздер, қима қағаздар, түрлі–түсті жіп орамы.
Жоспар:
 І. Кіріспе сөз
ІІ. Мамандық таңдаудың қыр-сыры (тренингтер)
ІІІ. Қорытынды сөз
І. Кіріспе сөз
Кіріспе сөз: Құрметті қонақтар және мектеп оқушылары! Бүгінгі өткелі отырған «Мамандықтың бәрі жақсы, қалауыңша таңдап ал!» деп аталатын психологиялық тренингке қош келдіңіздер! Профессия- латын сөзінен шыққан , “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді. Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Кез - келген саналы баланы «Мен болашақта қандай мамандықты таңдасам екен?» немесе «Таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін?» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандықты таңдау үшін адам, ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет. Өз - өзіне «Мен кіммін?», «Осы өмірдегі менің орным қандай?», «Қалай өмір сүремін?»- деген сұрақ қойып, соған жауап іздеуі қажет. Мынау көп салалы өмірде мамандықтың түрі көп. Әрине таңдау жасау оңай емес. Мектеп – шәкірттерді тек білім нәрімен сусындатып қана қоймай, олардың болашағына даңғыл жол салып береді. Әрбір шәкірттің ертеңіне алаңдаған ұстаз олардың кемел келешектің иесі болуын көздейді. Қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңа мазмұн білімнің тұлғаға бағытталуын, олардың белгілі бір мамандықты игеруіне ықпал етуін қамтиды. Сондықтан шәкірттеріміздің өз қабілеттері мен мүмкіндіктеріне қарай жүрек қалауымен жақсы мамандық таңдау жолында бағдарлы білім алып, әрқайсысы дүниенің бір – бір кірпіші болып қалануын тілейміз. Тренигіміздің мақсаты да – осы. Болашаққа дайындықты бүгіннен бастауымыз қажет. Әбу Насыр Әл Фараби: «.... адам кез - келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады»,- деген. ІІ Мамандық таңдаудың қыр-сыры (тренингтер) «Мамандықтың бәрі жақсы» тренингі Тренинг мақсаты: Оқушылар мамандық түрлерін, олардың атқаратын қызметтерін, адамға пайдасын, жақсы жақтарын талдап, саралауға үйреніп, меңгереді. Жүргізілу барысы: 10 оқушыны ортаға шығарып, олардың қолына бір-бір парақтан беріп, алдында тұрған оқушының арқасына сүйеніп парақта жазылған мамандық бойынша, сол мамандықтың жақсы жақтарын, сол мамандық жайлы мағлұмат жекінші оқушыға таратпаны (карточка, мамандық аттары жазылған) таратып ойнатылады. «Меннен сұрақ, сеннен жауап» 1. Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдадың ба? 2. Сен ол мамандық туралы не білесің? 3. Мамандық таңдамауыңның себебі неде? 4. Сенің мамандық таңдауыңа кім әсер етті? 5. Қай жақта оқығанды ұатасың? 6. Сен оқуға түскеннен кейін оқудың қиындығынв төзе аласыңба? 7. Адамның мамандық таңдауы оның әлеуметтік жағдайына әсер ете ме?   «Қойма (бункер)» тренингі Тренинг мақсаты: Оқушыларға мамандық таңдауда олардың негізгі түрлері, мамандық тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта – ықыласын, қызығушылықтарын арттыру. Жүргізілу барысы: 12 оқушыны ортаға дөңгелек үстелге шақырып, қолдарына парақша таратып, сол парақ бойынша өзін бункерден шығу жолдарын қарастыру қажет. Шарты: Бункер жер астында орналасқан. Бункерден тек 4 адам ғана шығады. 1. Мен-военный (әскери) адаммын. Мен тәртіпті ұстаған және сіздерге дұрыс бағдар беріп, жол көрсетеін адамның бірі мен. Сол үшін осы қоймадан сіздерді алып шығатын адамның бірден-бірі мен. Сол үшін маған дауыс беріңіздер. 2. Мен – дәрігермін. Сіздер осы қойнаудан шығамын дегенге дейін алдарыңызда бірнеше кедергілер келіп, жарақат алуыңыз мүмкін. Сол кезде жараңызды таңып, алғашқы көмекті беретін адамыңыз мен. Сол үшін мені таңдаңыздар. 3. Мен – психологпын. Менің көмегім арқылы сіздер стресске түспей, аман–есен жер бетіне шығасыздар. Сол үшін мені таңдаңыздар. 4. Мен – журналистпін. Бункерден шыққаннан кейін, сіздер жайлы, елдің жасынан, кәрісіне дейін жүректі тебірентер мақала жазып, атақ-абыройларыңызды шығаратын мен боламын. Сол үшін мені таңдаңыздар. 5. Мен – тігіншімін. Осы бункерден қанша жылда шығатынымыз белгісіз. Сол себепті, жыртылған киімдеріңізді жамап, тігіп беретін адамдарыңыз менмін. Мені таңдаңыздар. 6. Мен – бизнесменмін. Жер бетіне шыққаннан кейінгі өмірлеріңізді ойлаңыздар. Мені таңдасаңыздар, материалдық жағынан жер бетінде к
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив