"Квант" пән бірлестігінің І тоқсан анықтамасы
«Кеген ауданы білім бөлімі» «Қапез Байғабылұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен » коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша жаратылыстану – математикалық бағытындағы «Квант» пән бірлестігінің
І тоқсанда атқарылған жұмыстарына
Анықтама
«Квант» пән бірлестігі жаратылыстану пәндері бойынша құралған. Бірлестікте 9 мұғалім бар. І санатта 4 мұғалім Кусаинов Е.И., ІІ санатта 4 мұғалім Сәдірмеков С., Құсайнов Д., Сумбебаева Ұ.С. санаты жоқ А.Еренбаев жұмыс істейді 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын мектеп директоры бекітті. Жоспар бірлестік мүшелерімен келісе отырып жасалынды. Жоспарда ашық сабақтар, олимпиада жұмыстары, пән апталығы белгіленген. Тамыз айында Күнтізбелік жоспарларды бекіту, жаратылыстану – математикалық бағытындағы жаратылыстану пәндердің нұсқауларымен танысу, факультативтік және үйірме, таңдау сабақтарының жұмыс жоспарлары бекіттірілді. Жоспар бойынша бақылау жұмыстары тексеріліп отырады. Әр отырыста мұғалімдерді аландатып жүрген сұрақтар талқыланды. Жоспар бойынша бекітіліп берілген тақырыптар бойынша ұстаздар баяндама оқып, тренинг сабақтар өткізді.
География пәнінің мұғалімі Д.И. Құсайынов «Интербелсенді тәсілдерді сабақта қолданудың тиімді жолдары» атты тақырыпта семинар өткізді. Семинар өте жоғары дәрежеде өтілді. Сабақты жоспарлау мен бағалаудың тиімді әдістерін, критерий мен дискрипторды дұрыс қолдануды мұғалімдер жақсы үйрене алды. Сабақ жоспарлауда кезеңдерді дұрыс тиімді жасау тәсілдерімен танысты. Жаңартылған бағдарламаның тиімді және әлсіз тұстары туралы толық мәлімет беріп ұстаздар тарапынан қойылған сұрақтарға жетік жауап берді. Әр ұстазға күнделікті сабаққа көрнекіліктер мен дидактикалық материалдарды кеңінен қолдануға барлық жағдай жасалған. Ұстаздарымыз сабақты барынша қызықты өтікзуге тырысуда.Сабақтарда интерактивтік тақтаны шеберлікпен қолдана отырып,оқушылардың қызығушылығын арттыра білді. Пән бірлестігі ғылыми жоба жұмыстарын ары қарай жандандырып оқушылардың дайындығын тексеріп жарысқа дайындады.
Жалпы білім сапасы
География пәнінен- 76%, Математика пәнінен – 74%, Химия пәнінен – 83%, Физика пәнінен- 78%, Биология пәнінен – 68%, Геометрия – 79%.
Барлық пәнен үлгерім- 100%.
Мектеп директор Е.И. Кусаинов
Бірлестік жетекшісі Ұ.С. Сумбебаева