"Квант" пән бірлестігінің Жылдық қорытынды анықтамасы » «Қапез Байғабылұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қапез Байғабылұлы атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
июнь
2022

"Квант" пән бірлестігінің Жылдық қорытынды анықтамасы

«Алматы облысы білім басқармасының» «Кеген ауданы  бойынша білім бөлімі»  мемлекеттік мекемесі  «Қапез Байғабылұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен » коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша жаратылыстану – математикалық бағытындағы «Квант»  пән бірлестігінің   2021-2022 оқу жылында  атқарылған жұмыстарына

Анықтама

            «Квант»  пән бірлестігі жаратылыстану пәндері бойынша құралған.  Бірлестікте 6 мұғалім бар. І санатта 1 мұғалім Кусаинов Е.И., ІІ санатта 3 мұғалім Сәдірмеков С., Құсайнов Д., Сумбебаева Ұ.С.  санаты жоқ  Ә. Берік   Еренбаев А., жұмыс істейді  2021-2022 оқу  жылына   арналған жұмыс жоспарын  мектеп   директоры бекітті. Жоспар бірлестік мүшелерімен келісе отырып жасалынды.  Жоспарда ашық сабақтар, олимпиада жұмыстары, пән апталығы белгіленген. Тамыз айында Күнтізбелік жоспарларды бекіту, жаратылыстану – математикалық бағытындағы жаратылыстану пәндердің нұсқауларымен танысу, факультативтік және үйірме, таңдау сабақтарының жұмыс жоспарлары бекіттірілді. Жоспар бойынша бақылау жұмыстары тексеріліп отырады.  Әр отырыста мұғалімдерді алаңдатып жүрген сұрақтар талқыланды.  Жоспар бойынша бекітіліп берілген тақырыптар бойынша ұстаздар баяндама оқып, тренинг сабақтар өткізді. 

 

 


2021-2022 оқу жылында  өткізілген ашық сабақтар: 

            Қазан   айында Математика пәнінен   Садирмеков Сабит 12 қазан күні 9 сыныпта «Екі айнымалысы бар теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің графиктік тәсілі» атты үлгілі сабақ өткізді.  22 қазан күні Еренбаев Алмас  5 «а» сыныпқа «Жай бөлшектер мен аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу»

 


            16 қараша күні География пәнінен Құсайынов Д. 9 сыныпқа «Қазақстанда қолайсыз және қауіпті атмосфералық құбылыстар» атты тақырыпта Мақсаты: Атмосфераның қолайсыз және қауіпті құбылыстардың қалыптасуын, таралу аумақтарын картада көрсетіп,  сақтану шараларын ұсынады. 

 


 

18 қараша күні Физика пәнінен Садирмеков С. 8 сыныпқа «Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициенті» атты тақырыпта. Мақсаты: Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэфициентін анықтау. 

 


 


20 қараша күні информатика пәнінен Әділханов Б. «Векторлық суреттерді құру» атты тақырыпта. Мақсаты: векторлық кескіндерді құру және өңдеу. 

 


9 желтоқсан күні Сумбебаева У.С.  биология пәнінен  8 сыныпқа «Жүрек қантамырлар жүйесі аурулары» атты тақырыпта. 

Мақсаты:   Қантамыр жүйесі ауруларының себептері мен ауру белгілерін сипаттау. 

 

22 желтоқсан күні Кусаинов Е.И. химия пәнінен 7 сыныпқа « Ауа. Жану реакциясы» атты тақырыпта. Мақсаты: Ауа құрамын білу, Заттардың жану кезінде ауаның құрамына кіретін оттектің жұмсалатындығын білу. 

            Міндеттері: Оқушылардың білімге деген қажеттілікті  саналы түрде түсінуіне жол ашу; әр баланың өз қабілетін таныта біліп, одан әрі дамуына жағдай туғызу; пән мұғалімдерінің шығармашылығын шыңдау және озат тәжірибені тарту. 

            Ақпан айында 6 сынып оқушыларымен Математика пәнінен Алмас Еренбаев өткізілді. 

У.С. Сумбебаева 9 сынып оқушыларына «Аллельді гендердің әрекеттесуі: толық және толымсыз атты тақырыпта ашық сабақ өткізілді. 

            Наурыз айында география пәнінен 8 сынып оқушыларына Құсайынов Данияр «Дүние жүзі аймақтарының табиғи ресурстық потенция» атты тақырыпта өткізілді. 

Дарынды оқушылармен  жұмыс:  

         Пән мұғалімдері дарынды балалармен жұмыс  жүргізіп. Аудандық Дарын, ғылыми жоба жарысына апарып жүлделі орын алып келді. Атап айтсақ 9 сынып оқушысы Қанат Балауса география пәнінен «Өлке туризмді дамыту» атты тақырыпта қорғап І орынды иеленді. Биология пәнінен 9 сынып оқушысы Сүлейменова Көркем «Қымыздың емдік қасиеті» атты тақырыпта қорғап ІІ орынды иеленді. 

            Мұғалімдердің тәжірибе алмасуы. 

Пән мұғалімдері оқу жылы басталғаннан бастап Зум платформасы арқылы көптеген сабақтарға қатысып өзара тәжірибе алмасты. Қорыта келе айтарым, ұстаз – жас ұрпақтың рухани  сәулеткері және қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі.  Ғаламдану заманында, әсіресе білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен түбегейлі жаңарулар дәуірінде мұғалім алдында тұрған мақсаттар міндеттердің салмағы орасан зор болып отыр. Мұғалім ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болуы керек. Педагогика, технология әлеміндегі жаңалықтарға үңілу, оны зерделей, зерттей отырып іс — тәжірибеге пайдалану, өзінің техногиясын қалыптастыру. Биология пәнінің мұғалімі Аудандық биология мұғалімдерімен Зуам платформасы арқылы «Биология пәнінен білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды жою атты тақырыпта вебинар өткізді. Мақсаты: Биология пәндерінен білім алушылардың біліміндегі қиындық тудырған тақырыптар мен мақсаттарды меңгерту жолдарымен таныстыру, тәжірибе алмасу.

Биылғы оқу жылында Аудандық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты тақырыпта өткен педагогикалық олимпиадасына қатысып және   аудандық «Жас мамандар» байқауына қатысып ІІІ орын информатика пәнінің мұғалімі Әділханов Берік  иеленді.  Аудандық «Жыл пән  мұғалімі 2022»  байқауына қатысып  география пәнінің мұғалімі Данияр Құсайынов ІІ орын алды. Математика пәнінің мұғалімі Алмас Еренбаев ІІІ орын.  Информатика пәнінің мұғалімі  Берік Әділханов ІІІ орындарды иеленді.

 


Жалпы білім сапасы



                                        Мектеп директоры              Е.И. Кусаинов

Бірлестік жетекшісі             Ұ.С. Сумбебаева

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив