"Квант" пән бірлестігінің ІІІ тоқсан анықтамасы
«Алматы облысы білім басқармасының Кеген ауданы бойынша білім бөлімі» «Қапез Байғабылұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен » коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша жаратылыстану – математикалық бағытындағы «Квант» пән бірлестігінің ІІІ тоқсанда атқарылған жұмыстарына
Анықтама
«Квант» пән бірлестігі жаратылыстану пәндері бойынша құралған. Бірлестікте 6 мұғалім бар. І санатта Е.И., Кусаинов. ІІ санатта Сәдірмеков С., Құсайнов Д. Сумбебаева Ұ.С. санаты жоқ Әділханов Б. Еренбаев Алмас жұмыс істейді. Барлық мұғалімдер жаңартылған бағдарлама бойынша білімдерін жетілдіру курсынан өткен. Сыныптар жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жатыр. Сабақ барысында топтық, жұптық жұмыстар жүргізілуде.
Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану негізінде оқушыларда сындарлы ойлау дағдысын қалыптастырып, танымдық-шығармашылық қабілеттерін жетілдіру мақсатында мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін және оқушылардың білім, білік дағдыларын көрсететін жұмыстардың біріне пән апталықтарын өткізу жатады. Пән апталықтары кестесі мектепішілік әдістемелік кеңес отырысында құрылды және осы оқу жылында ауқымды іс-шараларды қамту мақсатында пән онкүндіктерін өткізу жоспары жылдың басында жасалынды. 10-15 Қаңтар Информатика пәні бойынша 5-9 сынып аралығында «информатика» апталығы жоспар бойынша өткізілді. 10 қаңтар «Мен компьютерді білемін» тақырыбында 5-6 сынып оқушылары аралығында сайыс өтті. Мақсаты: Білімдерін жүйлеу және жалпылау қабілетерін дамыту арқылы, өтілген материалдың өмірмен байланысын ашу. Оқушылардың интеллекттерін, эмоцияларын, еріктерін қолдана білуге тәрбиелеу. Жоспар бойынша 1. «ия және жоқ» бөлімі 2. Қызықты сұрақтар 3. Құпия суреттер 4. Қиял әлемі (шығармашылық жұмыс) әр бөлімде дұрыс жауап үшін оқушылар 10 ұпайдан алып отырды. Сайыс нәтижесінде ең көп ұпай жинаған Жеңімпаз оқушылар марапатталды.
11 қаңтар 7-8 сынып оқушыларымен «Ақпараттық әлемінде» сайыс өтті. Мақсаты: Оқушылардың жыл басынан бергі меңгерген білімдерін тиянақтау. оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Сайыс барысында оқушылар түс ерекшелігіне байланысты ақпараттың өлшем бірліктерін таба білді. 12 қаңтарда 8-9 сынып оқушылар арасында үздік презентациялар көрінісі өтті. Бұл көрініс алда келе жатқан «Ұлы Жеңіс» тақырыбында болды. Сынып оқушылар жақсы дайындықпен келген жасаған презентацияларын таныстыра отырып алынған суреттер мен материалдарды қайдан алғандығын, қалай жасағандықтарын түсіндіріп өтті. Оқушылардың жасаған жұмыстары арқылы РowerPoint бағдарламасын сауатты пайдалана алатындықтарын байқауға болады. 13 қаңтар 5-6 сынып оқушылары арасында «Суретшілер» сайысы өтті. Оқушылар түрлі тақырыпта сурет салып шығармашылықтарын байқатты. Атап айтар болсақ 5 сыныпта Дулатбай Жансая өте жақсы деп марапатталды. Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, ой-өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, компьютерлік сауаттылыққа дағдыландыру.
7-12 ақпан күні Математика апталығы өткізілді. Онкүндіктің ашылуы 07.02.2022 жылы күні «Ойна, ойла, оқы!» сөзжұмбақтар, жұмбақтар мен ребустар, сөзжасам, сандар сөйлейді шешумен басталды. Қамтылған сыныптар 5-11 сыныптар. Оқушылар арасында әсіресе сөзжұмбақтар мен ребустарды шешуде 8-сынып оқушылар белсенділік танытты. Осы күні «Ойлан тап» атты тақырыпта 8-11 сыныптар арасында ең үздік қабырға газеттері сайысы өткізілді. Сайыста ең үздік қабырға газеті болып 9-сынып оқушыларының шығарған газеті танылды.
08.02 күні 9-сыныпта «Геометриялық прогрецияның n мүшесі» тақырыбында математика пәнінен ашық сабақ өткізілді.
Ақпан айының 21-26 күндер аралығында мектепте химия, физика пәндер апталығы өткізілді.. Апталықтың жоспары әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралып талданды және бекітілді. Апталықтың мақсаты : химия және физика сабақтарында және сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру. Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай өтті,, соның ішінде интеллектуалды сайыстар, кештер, суреттер сайысы, викториналар, сыныптан тыс іс- шаралар.
Бірлестіктің апталық жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні оқушылар жиыны өткізілді, онда апталықтың салтанатты ашылуы өтті. Апта ағымында 6-7 сыныптар арасында «Химяның элементтері» атты суреттер бәйгесі өтті. Сонымен қатар сыныптан тыс іс- шаралар өткізілді: 9-11 сыныптар арасында «Білімді дарабоз» интеллектуалды ойыны, 8-сыныпта «Физика әлемі» интеллектуалдық сайыстар өткізілді. Физика пәні бойынша «Дене импульсі материалық нүктеде импульстің өзгеруі. Денелер жүйесі. Импульстің сақталу заңы» деген тақырыпта 9 сыныпта ашық сабақ өткізді. Сабақ қазіргі заман талабына сай интерактивті тақтаны қолданумен өткізілді. Соңғы күні апталықтың қорытындысы өткізілді. Олимпиада, сайыстардың жеңімпаздары арнайы грамоталармен марапатталды.
Наурыз айының 14-19 күндері аралығында «Жаратылыстану ғылымдардың патшалығы» атты биология, география пәндерінің апталығы өткізілді. Апталықтың мақсаты – оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, күнделікті өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
Алдын ала апталықтың жоспары ӘБ отырысында қарастырылып, директордың бұйрығымен жоспар жасалынды. Мектептің файесінде апталықтың жоспары мен түрлі интеллектуалды ойындар жасалған стенд жасалынды, ребустар, жұмбақтар, кроссвордтар, тесттерді шешу ұсынылды. Апталықтың болатыны хабарландыру тақтасы мен мектептің әр бөліміне таратылды. Құрылған жоспар бойынша барлық сыныптар қамтылып, пән мұғалімдері бір ашық сабақ пен сыныптан іс-шара өткізді
15.03.2022 жылы биология пәні мұғалімі У.С. Сумбебаева «Туыстық шағылыстыру және оның селекциядағы маңызы. Гетерозис, оны ауыл шаруашылығында қолдану» тақырыбында 9 сыныппен ашық сабақ өткізді. Ашық сабағында түрлі технологияларды қолданып, оқушылармен топтық жұмыстар жүргізді. Оқушылар тапсырмаға жақсы, қызығушылықпен дайындалғандарын көрсетті. 16.03.2022 жылы география пәні мұғалімі Д.Құсайынов 5 сыныппен ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ қазіргі заман талабына сай, жаңа технологияларды пайдалану арқылы өткізді. Сабақ үстінде әр түрлі жаңа әдіс-тәсілдер, оқушылармен топтық жұмыс, жеке жұмыс, сонымен өз іс-әрекетін бағалау тәсілдері қолданылды. Мұғалім өз мақсатына жете алды.
Жалпы білім сапасы: 5-11 сынып бойынша.
Мектеп директоры Е.И. Кусаинов
Бірлестік жетекшісі: Ұ. Сумбебаева