"Бұлақ" бастауыш бірлестігі отырыс хаттамасы.
Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің отырыс
хаттамасы №1
Қатысқаны:6 2022 ж 27 тамыз
Күн тәртібі:
- ҚР Білім Министрлігінің 2022-2023 ж әдістемелік Нұсқау хатымен таныстыру; біріңғай талаптар.
- 2022-2023 оқу жылы бірлестік жоспарын қарастыру, талқылау;
- Жылдық, күнтізбелік, ТЖБ, БЖБ жоспарларын талқылау;
- Пән апталығының өту кезеңін жоспарлау.
- Пән мұғалімдерімен ҚМЖ талқылау
Тыңдалды.
Әдістемелік бірлестік жетекшісі Сумбебаева .A «2022 -2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатпен таныстырып өтті. 2022-2023 оқу жылындағы бірлестік жоспарын таныстырып,отырыстардағы қаралатын мәселелер, жоспарланған іс шаралар талқыланды.
Күнтізбелік жоспарда 2022 -2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат пен 472 бұйрықты басшылыққа алу керектігі айтылды. Аттестациядан өтетін мұғалімдер ережемен танысты. Биылғы оқу жылындағы олимпиадаларға ,түрлі жарыстарға дайындықты жүргізу туралы айтылды.
Білім сапасын көтеру жұмыстарының жоспары талқыланды. Бастауыш сынып апталығы жоспар бойынша өткізу талқыланды. 0-4 сынып оқушыларының апталыққа қатысуын әр сынып бойынша пән мұғалімдеріне жүктелді.
202-2023 оқу жылында 472 бұйрықты басшылыққа ала отырып, қысқа мерзімді жоспар жазу керектігі түсіндірілді.
Сөйлегендер:
Сәдуақасова . Л 4-сынып жетекшісі. Жоғарыда айтылған нұсқауларды басшылыққа алып жұмыс жүргіземіз.
Қаулы етті:
- ҚР Білім Министрлігінің 2022-2023 ж әдістемелік нұсқау хатын басшылыққа алу әр мұғалімнен талап етілсін.
- 2022-2023 оқу жылының бастауыш сынып әдістемелік бірлестік жоспары бекітілсін.
- КТЖ, жылдық жоспарлары бекітілсін.
- Пән апталық жоспары бекітіліп, іс шаралар ұйымдастырылсын
- Әр сабақ бойынша № 472 бұйрықты басшылыққа ала отырып, ҚМЖ жазу мұғалімдерге міндеттелсін.
Бірлестік жетекшісі: Сумбебаева.А