"Квант" пән бірлестігінің хаттамалары » «Қапез Байғабылұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Кеген ауданы бойынша білім бөлімінің
"Қапез Байғабылұлы атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
март
2022

"Квант" пән бірлестігінің хаттамалары

ХАТТАМА № 4


«КВАНТ» ПӘН   БІРЛЕСТІГІНІҢ ОТЫРЫСЫ


28   наурыз   2022ж. 

Барлығы: 6 адам

Қатысқаны: 6 адам


Күн тәртібі:


  1. №3  отырыс қаулысының орындалуы.
  2. Мұғалімнің кәсіби дамуы-білім беру жүйесін жаңартудың негізі" Семинар Б. Әділханов
  3. Химия, биология, география пәндері бойынша  зертханалық жұмыстың жүргізілуін тексеру
  4. Мұғалімдердің өзара сабаққа қатысу жұмыстарын ұйымдастыру


Сөйлегендер: 

            Күнтәртібіндегі бірінші мәселе бойынша. 


Бірлестік жетекші Сумбеаева У.С. №2 отырысының қаулысы бойынша жұмыстар толық атқарылып отыр. Барлық күн тәртібіндегі мәеле бойынша орындалды. 

            Күнтәртібіндегі екінші  мәселе бойынша. 

Сәбит Сәдірмеков  «Мұғалімнің кәсіби дамуы-білім беру жүйесін жаңартудың негізі"  атты тақырыпта өткізілген семинарда Мұғалім өзіндік дамуына кәсіби рефлексия жасай отыра, жаңа әдіс-тәсілдерді жетік меңгеруге қалыптасады, сапалы нәтижеге жетуге мүмкіндік береді. Өз жұмысымызда рефлексия жасап, біз заман талабына сай дағдыланамыз, үйренеміз, біз өз әрекетіміз арқылы ғана дамимыз. Біз, мұғалімдер өздеріміздің біліміміз бен кәсіби дайындықтарымызға сәйкес, өздеріміздің жұмысымыз туралы толғаныста болуымыз керек. Рефлексивті ойды шешуге жататын мәселелерді зияткерлендіру тұрғысынан қарастыра отырып, идеялар мен болжамдарды дамытып, практикалық жағдаяттардың зерттеулеріне бастама жасап және іске асыруымыз керек. Осылайша оқытуға ерекше ықпал етіледі.  Семинар жақсы деңгейде өтті. 

            Д. Құсайынов  Бүгінгі семинардан өзіме алған тәжірибем. Бұл жерде индустриялық және технологиялық зерттеуші Дональд Шонның  "Рефлексивті практик: кәсіпқойлар іс-әрекетте қалайша ойланады?"  (1983) деген кітабының ықпалы күшті болды. Мұғалімде сабақ үдерісінде "іс-әрекеттегі" толғаныс болуы тиіс, оны кейде "іс барысындағы толғаныс" деп те сипаттайды. Бұл біздің тәжірибемізге көзқарасты, біз пайдаланатын эмоциялар мен теорияларды қамтиды, соның салдарынан өзгеріп жатқан жағдайда сай әрекет етуге көмектесетін жаңа сезімдер туындайды. Бұл үдерістен кейін "іс-әрекеттен кейінгі толғаныс" жүреді, яғни басқаша айтқанда, біз өз сабағымызға талдау жасаймыз, ойланамыз, сонымен қатар біз өзіміздің іс- әрекетіміз бен тәжірибемізге қатысты бірқатар ойлар мен мәселелерді анықтаймыз. Біз әрқашанда өзіміздің жұмысымызға кәсіби рефлексия жасап, өз-өзімізді бағалаймыз. Уақытқа сай жаңа формация педагогі әрбір сабаққа үлкен дайындықпен, жаңаша әдіс-тәсілдермен, түрлі тапсырмалармен келуі керек деп есептеймін. Болашақ ұрпақтың дамуы біздің белсенділігімізге, білім деңгейімізге, шығармашылық іс-әрекетімізге байланысты.

            



            


Күнтәртібіндегі үшінші   мәселе бойынша. 

Бірлестік жетекшісі У.С. Сумбебаева Химия, биология, география пәндері бойынша  зертханалық жұмыстың жүргізілуін тексеру барысында пәндерден зертханалық жұмыстарды оқушылардың толық орындағандығы  көрсетілді. 

С. Сәдірмеков Оқушылардың биологияға деген қызығушылығын дамыту үшін зертханалық сабақтардың маңызы орасан зор. Зертханалық сабақ кезінде оқушылар бұрын сабақта алған білімдерін практикада өз бетімен жұмыс жасау кезінде ұштастырып, білім деңгейін кеңейте алады. Сондықтан шағын жинақты мектептерде биология пәнінен өтікізілетін зертханалық сабақтар өз мәнінде өткізіліп, оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, білімге деген құштарлығын ұштау қажет деп ойлаймын. Биология пәнінен зертханалық сабақтарды ұйымдастыру – өсіп келе жатқан ұрпаққа тіршілікті, өмірді аса үлкен зор құндылық деп түсінуді қалыптастырады.
 Зертханалық сабақтар – оқушылардың оқу іс-әрекетінің бір түрі; мақсаты мен міндеті ұқсас. Зертханалық жұмыстар оқу бағдарламасына енгізіліп, курс бөлімін немесе тақырыпты оқығаннан кейін жүргізіледі. Бұл оқушының алдымен теориялық білімді терең меңгеріп, жасалған жұмыстың нәтижесін дұрыс түсінуіне мүмкіндік береді.

Л.А. Қорабаева  Зертханалық   тәжірибелер   мен   сарамандық жұмыстарды   жүргізе   отырып, оқушылар   химиялық   құбылыстар   мен заңдылықтарды зерттеп, олардың нақтылығына көз жеткізеді, осылайша олардың біліктіліктері   артады.  Бұл   химияның   әрбір   бөлігінен   алынған   білімнің қайталанылуына,   бекітілуіне, тереңдетілуіне, кеңейтіліп, жүйеленуіне   себебін тигізеді.  Сонымен   қатар,   оқушыларда   реагенттер   мен   құрылғыларды   қолдана білудегі   біліктіліктіліктері   мен   дағдылары   қалыптасады. 

   Күнтәртібіндегі төртінші мәселе бойынша. 

  1. Мұғалімдердің өзара сабаққа қатысу жұмыстарын ұйымдастыру.

Директор Е.И. Кусаинов Өзара сабаққа қатынасу, тәжірибе алмасу – мұғалімнің кәсіби өсуінің факторларының бірі. Ғаламдану заманында, әсіресе білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен түбегейлі жаңарулар дәуірінде мұғалім алдында тұрған мақсаттар міндеттердің салмағы орасан зор болып отыр.
Сәбит Сәдірмеков.   Мұғалім информатор, бақылаушы, тексеруші, қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші,  өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болуы керек. Педагогика, технология әлеміндегі жаңалықтарға үңілу, оны зерделей, зерттей отырып іс — тәжірибеге пайдалану, өзінің техногиясын қалыптастыру — заман талабы, заман ағымына ілесу де оңай емес. Кәсіби біліктілігі жоғары өзіндік позициялы, бағалы бейімділігі бар сапалы оқушы  даярлау — бүгінгі өмір талабы. 


Квант пән бірлестігінің кезекті отырысы шешім етеді:

  1.    № 3 отырыс қаулысының орындалуы қанағаттанарлық деп танылсын. 
  2.  Б. Әділханов Оқыған  «Мұғалімнің кәсіби дамуы-білім беру жүйесін жаңартудың негізі"»атты семинар  жұмысын ары қарай жандандырсын. 
  3. ІІІ тоқсан білім қорытындысы бойынша оқу ісі меңгерушісіне әр пән иесі

 есеп берсін. 

4.     Мұғалімдердің өзара сабаққа қатысу жұмыстарын ұйымдастыру қанағаттанарлық деп танылсын. 


Бірлестік жетекшісі                                                                      У.С. Сумбебаева 

Хатшы                                                                                  Д.И. Құсайынов

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив